«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері Қазақстандағы медицина ұйымдарына 497,5 млрд теңге көлемінде қаржы бөлді.

«6 қыркүйектегі мәліметтерге сүйенсек, қор мемлекеттік тапсырыс шеңберінде қызмет көрсеткен емдеу ұйымдарына 497,5 млрд теңге аударды. Бұл - кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 65 пайызы", - деді МСҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ботагөз Жақселекова. 

ТМККК және МӘМС пакеттерінің қаржылық операторы болып саналатын Қор емдеу мекемелерімен ТМККК пакеті шеңберінде халыққа тегін көмек көрсету жөнінде келісімшарттар бекіткен болатын. Бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасы 768,4 млрд теңге.

«Жұмыс кестеге сай, медициналық қызмет сапасын бақылаудың жаңа талаптарына сәйкес жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Б.Жақселекова.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі таңда Қор мемлекеттік тапсырыс бойынша қызмет көрсетуге ниет білдірген 1365 медицина ұйымымен келісімшарт бекіткен. Оның 623-і – жеке меншік клиникалар. Биыл жеке клиникалар саны 2017 жылмен салыстырғанда 158-ге көбейген. Ал, олармен бекітілген келісімшарт сомасы өткен жылғыдан 2 есе артып, 110,6  млрд теңгені құрады.  

07.09.2018
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
КАКАЯ МЕДПОМОЩЬ ПОЛОЖЕНА НЕЗАСТРАХОВАННЫМ
САҚТАНДЫРЫЛМАҒАН АЗАМАТТАРҒА ҚАНДАЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Шамамен 1,63 трлн теңге кепілдендірілген медициналық көмек көлеміне кіретін қызметтерге қарастырылған. Мұндай қызметтер тегін көрсетіледі. Сақтандырылмаған пациенттер де тегін ала алады.
03.07.2025
БОЛЕЕ 1 ТРЛН ТЕНГЕ ПОСТУПИЛО В ВИДЕ ВЗНОСОВ И ОТЧИСЛЕНИЙ В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ ЖАРНАЛАР МЕН АУДАРМАЛАР СОМАСЫ 1 ТРЛН-НАН АСТЫ
2024 жылы МӘМС жүйесінде 15,9 млн адам сақтандырылған.
26.06.2025
НА 1,1 ТРЛН ТЕНГЕ ОКАЗАНА МЕДПОМОЩЬ ПО ОСМС В 2024 ГОДУ
2024 ЖЫЛЫ МӘМС АЯСЫНДА 1,1 ТРЛН ТЕҢГЕГЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 12%-ға жоғары. Жалпы, былтыр ТМККК және МӘМС аясында медициналық көмек көрсетуге 2 трлн 522 млрд теңге бөлінді.
26.06.2025
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу